Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда банктік салымдар бойынша келісімдерде өзгеріс болады

15:48, 05 наурыз 2024 475

Жылдың екінші жартысынан бастап банктер депозиттік келісімдердің негізгі шарттарын құжаттың басында, ал қабылдауға ыңғайлы болу үшін кесте түрінде басып шығаруы керек. Клиент шартты электронды түрде жасаса да, оның көрсетілген шарттармен танысқаны туралы жазбаша растау талап етіледі.

Негізгі шарттарға мыналар жатады:

депозит түрі;

кепілдік өтемақының ең жоғары мөлшері;

сыйақы мөлшерлемесі және оны төлеу шарттары;

салымды мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі;

шарттың қолданылу мерзімі;

салым мерзімін ұзарту шарттары;

банк өнімінің атауы;

депозит валютасы;

салымның ең төменгі сомасы;

минималды баланс;

депозитті толықтыру мүмкіндігі;

шотқа қызмет көрсету ақысы.

Қазіргі уақытта заңнамада мұндай келісімдердің ресімделуіне және мазмұнына қатысты арнайы талаптар іс жүзінде жоқ.

Нәтижесінде, ең маңызды шарттар келісімнің мәтінінде шашыраңқы болып келеді. Салымшылар кейде депозиттер түрлері мен олардың шарттарындағы айырмашылықтарды толық түсінбейді, - деп атап өтті қордан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар