Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлемде теңдессіз екенін дәлелдеді. Қуан, Қазақ елі!»: Нартай Аралбайұлы қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

21:00, 01 қараша 2026

VIII шақырылым Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

«Сүйінші Қазақ елі!

Қазақтың сұрмергендері әлемде теңдессіз екенін, жеңіс тұғырын ешкімге бермейтінін тағы дәлелдеуде. 

Алтын тұғыр қазақтың еншісінде. Қуан, Қазақ елі!

30 қазан - 5 қараша аралығында Дәстүрлі садақ атудан тұңғыш Әлем чемпионаты өтуде.

Орны: Оңтүстік Корея. 

38 мемлекеттен 700 дәстүрлі садақшы қатысуда. Біз 45 мергенімізді аттандырдық. 

Бүгін қазақтың төл нысанасы - Жамбы нысанасында командалық есепте Алтын медаль мен Қола медалды қанжығамызға байладық», – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар