Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОҚ мәліметінше, еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық еркін күрес шебері қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты.
Финалдық белдесу бүгін, 1 қарашада өтеді.