Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады?

12:06, 01 қаңтар 2026

Жаңа жылмен бірге Қазақстанда бірқатар маңызды экономикалық, әлеуметтік және құқықтық өзгерістер іске қосылды, деп жазады Alash.KZ сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға көтерілді. ҚҚС бойынша тіркеу шегі 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Ал медицина, МӘМС, отандық кітап өнімдері ҚҚС-тан босатылды.

Табыс салығы бойынша да өзгерістер бар:
– жылына 33,5 млн теңгеге дейін табыс табатындар бұрынғыдай 10% төлейді;
– одан жоғары табысқа 15% мөлшерлеме қолданылады.
Банктер мен ойын бизнесі үшін КТС – 25%.

Әлеуметтік көрсеткіштер өсті:
– АЕК – 4 325 теңге;
– ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
– базалық зейнетақы – 35 596 теңге.
Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды – 85 000 теңге. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға индексацияланды.

Мобильді аударымдар қатаң бақылауға алынды: егер 3 ай қатарынан 100 адамнан аударым түсіп, сома 1 млн теңгеден асса, ол кәсіпкерлік қызмет белгісі ретінде қаралады.

Құжат рәсімдеу: жеке куәлікті алғаш рет немесе мерзімі өткенде ауыстыру тегін. Паспорт бағасы АЕК-ке байланысты өсті.

МӘМС: 5 жыл үздіксіз жарна төлеген азаматтар жұмыссыз қалған жағдайда 6 ай сақтандырылған мәртебесін сақтайды. Қант диабетін емдеу толықтай МӘМС жүйесіне енгізілді.

Баға мен тарифтер:
– байланыс операторлары тарифтерді көтерді;
– айыппұлдар АЕК-тің өсуіне байланысты қымбаттады;
– жылжымайтын мүлік, техника, электромобиль бағасы өсуі мүмкін.

Сонымен қатар 18 қаңтардан бастап жасанды интеллект арқылы жасалған өнімдерді міндетті түрде таңбалау талабы енгізілді. Ереже бұзғандарға 15 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар