Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан Ресейді айналып өтіп, Еуропаның интернетіне қосылады

09:50, 16 наурыз 2024 378

Еліміз Ресеймен бірге әлемнен оқшауланып қалмау үшін Каспий теңізінің түбіне алып кабельдер төсеп, интернетке Әзербайжан арқылы Еуропаға қосылуға ниетті.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздері барысында дәл осы жобаларды жүзеге асыру бағыттарында күш-жігер біріктіру туралы пікірлескеннен кейін мәлім болды.

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Болат Әуелбаевтың айтуынша, Каспий теңізінің түбінде "Қазақстан-Әзербайжан" маршруті бойынша талшықты-оптикалық желі төсеу – екі ел арасындағы аса ірі бірлескен жобалардың бірі.

Жоба қазірден жүзеге асырылып жатыр. Бұл желі Еуропадан Қытайға дейінгі телекоммуникациялық дәлізді құрады. Мега-жобаны келесі 2025 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Сарапшылардың түсіндіруінше, Қазақстан қазіргі кезде интернетке Ресей арқылы қосылған. Өз кезегінде Орталық Азияның барлық мемлекеті ғаламторға қазақ елі арқылы шығып отыр.

Алайда Forbes жазуынша, әлемнен оқшауланған Ресей белсенді түрде төл "егеменді интернетін" (суверенный интернет немесе суверенный Рунет) құрып жатыр. Тиісті заңын да қабылдады. Қазіргі кезде жеке Рунеттің, "заттар интернетінің" және жалпы пайдаланылатын байланыстың  жұмысының орнықтылығын қамтамасыз ету, сынау бойынша бүкілресейлік жаттығулар жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар