Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан Ресеймен футбол ойнамайтынын мәлімдеді

07 ақпан 2024 170

Бұған дейін футболдан Ресей құрамасы 2024 жылдың маусым айында Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін деген ақпарат шыққан. 




«Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчын өткізу мәселесі пысықталуда, ойын маусым айында өтуі мүмкін», - деп жазған Match TV.



Алайда, ҚФФ вице-президенті Рохус Шох мұндай кездесу туралы естімегенін айтты.




«Ресеймен ойнайтынымыз туралы, бірінші рет естіп тұрмын. Қазақстан құрамасының ойындар кестесі алдын ала жасалып қойған. Онда Ресеймен жолдастық кездесу мүлдем жоқ. Ресей футбол одағымен де келіссөздер жүргізілген жоқ. Қазақстанның ойын кестесі өте тығыз, артық ойын өткізуге мүмкіндік жоқ», - деді Р.Шох.



Айта кетейік, Ресей мен Белорусь командалары Әлем және Еуропа чемпионаттарынан шеттетілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?