Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан жол жөндеу үшін Еуразиялық даму банкінен несие алмақ

17:00, 07 наурыз 2024 406

Көлік министрінің міндетін атқарушы Әблалиев үш жолды жөндеу үшін аталған банктен несие алатындарын растады.

Көлсай көліне шығатын «Көкпек – Кеген – Түп», «Кеген – Нарынқол және Жалаңаш» – «Саты – Құрметі» жолының республикалық маңызы бар үш учаскесі жөндеуді қажет етеді. Ведомство басшысының айтуынша, биыл Алматы облысында 30 шақырым жолды жөндеуге шамамен 2,58 миллиард теңге бөлінгенімен, бұл учаскелер тізімге енбей қалған.

Барлық өңірлерде жолдарды қайта жаңарту және жөндеу бойынша толық ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бюджеттік қаражаттың шектеулі болуына байланысты барлық жобаны бір уақытта жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл учаскелерді жөндеуге қаржы бөлу мәселесі шешілетін болады. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ескеріледі, - деді С. Әблалиев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар