Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Alash.KZ.
Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты.
Астана арнайы келген Ресей президенті Қазақстанды іс жүзінде орыс тілді мемлекет деп атады, дейді qaz365.kz.
«Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет. Оны сіздер де сезген шығарсыздар (журналистерге – авт.) Өкінішке қарай, әр нәрсені қалай істеу керектігін өзінше білетін адамдар бар. Болып жатқан процестерге сын айтады. Ресейдің де, Қазақстанның да қоғамында. Бұл позиция, сын екі мемлекеттің мүдделеріне сай келе бермейді. Олар әрдайым пайдалы бола бермейді. Меніңше, сол үшін байланысты күшейте беру керек. Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарды жасамау керек», - деді Путин.