Түркияның оңтүстігіндегі Мугла провинциясында Қазақстан мен Ресейден 13 турист бар автобус аударылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Оқиға орнына келген бригадалар ресейлік және қазақстандық туристер тұрған автобустан жараланған 13 адамды шығарып алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаларға жіберді, – деп хабарлайды БАҚ.
Полиция тергеуді бастады. Жүргізуші ұсталды.
Cumhuriyet газеті жол апатының Бодрум-Миляс жолында болғанын хабарлайды. Микроавтобус жүк көлігімен соқтығысып, оны жол жиегіне лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің алған жарақаты өміріне қауіп төндірмейтіні аталып өтеді.