Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақмыс" кенішінде апат болып, адам өлді

31 тамыз 2022 128
«Қазақмыс» кәсіпорнында «БелАЗ» жеңіл көлікті басып өткен. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алған. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 28 тамызда "Молодежный" разрезінде "БелАЗ" автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде "УАЗ" автокөлігінің сол жақ бөлігіне соқтығысты. Оқиға нәтижесінде "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды, осы көліктің тағы үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ПД өкілі.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?