Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

10:10, 09 наурыз 2026

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды.

Ол төрешілердің шешімімен 99.84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті.

Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді - 99.45 ұпай. Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді - 93.76 ұпай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар