Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ қызын бақытым деп тапқан Нарман Құрбанов сүйіктісіне ұсыныс жасады

10:08, 24 тамыз 2024 1440
 

Спорттық гимнастикадан күміс жүлде еншілеп, байрағымызды желбіреткен Нариман Құрбанов сүйіктісіне ұсыныс жасап, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

1bol.kz порталының жазуынша, Париж олимпиадасының күміс жүлдегері сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап, жүзік сыйлаған. Мұны атлеттің сүйіктісі - гимнаст Аида Бауыржанова өзінің Instagram-дағы stories-інде көрсетті. Ол «махаббатпен» деп жазып, Нариманды белгілеп қойған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел қоржынына тарихи медаль салған спортшының қыркүйек айында шаңырақ көтеретіні айтылған еді.

«Біз Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық. Содан бері қыз-жігіт болып араласып келеміз. Сүйіктім Аида да гимнастшы. Бұйыртса, тойымыз қыркүйекте болады», - деп жазып еді Құрбанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар