Заңгер, феминист Әйгерім Құсайынқызы Алаш ұлыларының ұлтқа жасаған ең жаман қасіретін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
“Татар қыздары оқыды, олар қазақ қыздарына қарағанда білімді, байсалды болды. Біріншіден, мен алаштанушы емеспін. Тарихи баға береміз. Бірақ мен алаштанушы болуға да тырыспаймын, ол менің зерттеу әдебиетім емес және маған қызық та емес. Меніңше, қазір алаштанушыларды зерттейтін ғалымдар жеткілікті. Бірақ, олар әйелдерді айтпайды. Бізде алаш ұлдары деген хэштег бар. Мен сонымен студент кезден бастап күресіп келе жатырмын. Неге тек ұлдар? Қыздар болмады емес, болды ғой, тек оларды елемеді. 1921 жылы білім алған сауатты қыздардың пайыздық үлесі 20%-ға да жеткен жоқ. Бірақ, ол кездері алаштықтардың қазақ қыздарына үйленбеуін ұлтқа жасалған қиянат деп есептеуге бола ма? Біз осылай айтсақ алашордалықтар бізді жеп қоятын сияқты. Бірақ ол факт қой. Олар қазақ қыздарына үйленген жоқ. Демек, олардан туған бала 100% қазақ емес. Дәл осылай қарайтын болсақ, ұлтқа қауіп төндіретін қазіргі феминистер ме, әлде қазақ қыздарына үйленбеген 100 жыл бұрынғы алашордалықтар ма?”, — дейді ол.