Ақын Құрманай Бақтиярқызы түрмеге түскен Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па? Қылыштан өткір, өжет жүректі, өзгеше ұлдарыңа қарай көңіл аудартқызатындай Қазақстанда не боп жатыр екен а? Әдейі қасақана көңілімізді бұзып, заңсыз шұжық пісіріп жатпасын. Аллаға аманат, қазағым тыныш болсын..", - деп жазды ол.