Қырғызстанда бір отбасының алты баласы суға батып кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қырғызстанның Шу облысының Жайыл ауданында көлік өзенге құлады. Артынша бір отбасының алты кәмелетке толмаған баласы қаза болғаны белгілі болды.
Volkswagen Jetta жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, көлік жолдан шығып, тоғанға құлаған, – деп жазады 24.kg.
Көлікте барлығы 11 адам болғаны анықталды. Үш ересек жүргізуші мен екі әйел суға батып бара жатқан көліктен шыға алған.