Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Шайхутдинов қамауға алынды

03:10, 25 наурыз 2022 260
 



Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қамауға алынды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Елордада мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қамауға алынды» делінген хабарламада.

Еске салсақ, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қамауға алынуы мүмкін тураллы ақпарат пайда болды.

Сонымен қатар, Самат Әбіштің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені белгілі болды. Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.

8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар