Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір ғана ой тұрды… Қорқыныш пен уайым көбейді»: Төреғали Төреәлінің жұбайы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

09:13, 11 қыркүйек 2026

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жетінші жүктілігі кезінде бастан өткерген қиындықтары мен сәбиінің дүниеге келуіне ықпал еткен оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Айтуынша, бұл жолғы жүктілік медициналық тұрғыда өте жоғары қауіппен өткен. Төртінші рет кесір тілігі отасы жоспарланғандықтан, баланың және ананың денсаулығына елеулі қатер төнген.

«Өмірімде болған бір ғажайыппен бөліскім келіп отыр. Мәриямға жүкті екенімді білген сәттен бастап менде қорқыныш пен уайым көбейді. Медициналық тұрғыда қауіп өте үлкен еді. Бұл төртінші кесір тілігі, кішкентайымның арасы тым жақын, оның үстіне үш ұлым да шала туған. Осының бәрін ойлаған сайын аналық жүрегім алаңдай беретін. Бірақ жүрегімде бір ғана ой тұрды: «Алла қателеспейді». Бір күні Төреме уайымның басым болып кеткенін айтып «маған ішкі тыныштық керек» дедім. Содан Төрем «40 күн тахаджудке тұрып, Алладан сұрайық» деді. Содан екеуміз Астананың аязында, күнде сағат 3-те тұрып, 40 күн бойы мешітке барып, тахаджуд намазын оқыдық. «Я Алла баламызды аман-есен ай-күніне жеткізіп, дүниеге әкелуді нәсіп етші» деп тіледік. Ал Мариямымыз дәрігерлердің өзін таңғалдырып, ай-күніне жетіп, аман-есен дүниеге келді. Төремнің төбесі көкке бір елі жетпей қалды», — деп жазды ол.

Көпбалалы ана сәбидің уақытында әрі дені сау болып туылуын нағыз ғажайыпқа балап, отбасындағы бұл қуаныш жұбайы Төреғалиді де ерекше тебіренткенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар