Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қате түсінік. Өкімет тым ресейшіл, қытайшыл болса, елін құлдыққа түсіреді". Белсенді саяси сұрақтан қашқан актерды сынға алды

15:26, 15 ақпан 2025 2580

Қоғам белсендісі Жеңісхан Асылханұлы актер Еркебұлан Тоқтарлы сынға алып, оның өкіметке қатысты пікір беруде бұлғақтауын айыптады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Автор саяси сұраққа жауап беруден бас тартып, үкіметтің қызметіне баға беруден үзілді-кесілді бас тартқан актерды сынап тастады.

Өкімет тым ресейшіл болса не тым қытайшыл болса, еліңді тәуелсіздіктен айырып құлдыққа түсіреді. Құлдардың орны тек ғана тұрме. Бұл қате түсінік. Өкіметтің бүгінгі жүрісі елдің болашағын айқындайды. Сондықтан әр адам азаматтық қоғам құруға атсалысу керек, - деп жазды ол. 

Мұны көрген оқырмандар да пікір жазып, саяси селқостықты айыптап жатқандай:

Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады;

Сен саясатпен айнслыспасаң, ертең саясат сенімен айналысады. Бұл пенде сырты жылтыр, іші қуыс кеуде қорқақ жан, бұндайлар көп, өкінішке орай;

Мұндайлар африкада да өз жұмысына көңілі толып жүре береді;

Мынаның түсінігі мол жігітпа деп жүрсем қуыс кеуде біреу екен ғой. Абай айтқандай "өзің тірі болып,көкірегің өлі болғаны тірі өлікпен тең";

Мына бала депутат болады, - деп жазды оқырмандар.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар