Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қатар Қазақстандағы «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін жаңғыртуға 8 млн доллар бөледі

00:04, 08 желтоқсан 2025

Қатар Қазақстандағы ірі діни-инфрақұрылым жобасына 8 млн доллар қаржы бөледі, деп хабарлайды Alash.kz


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қатарға жасаған ресми сапары аясында Қатар даму қорының Бас директоры, жоғары мәртебелі Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен стратегиялық кездесу өткізді. Тараптар діни-ағартушылық саланы дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту және ұзақмерзімді серіктестік механизмдерін талқылап, екіжақты келісімге қол қойды.

Келісім аясында Қатар даму қоры Қазақстанға 8 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бағыттайды. Қаражат Астана қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітін жаңғырту, кеңейту және оның базасында заманауи рухани-мәдени орталық салу жобасына жұмсалады. Құрылыс жұмыстары толықтай Қатар қорының бақылауында жүргізіліп, нысан дайын күйінде ҚМДБ-ға тапсырылатын болады.

Наурызбай қажы Тағанұлы Қатар тарапына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, бұл серіктестік Қазақстандағы діни-ағартушылық экожүйенің сапалы дамуына серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Фахд бин Хамад Әс-Суләйти Қатардың Қазақстандағы маңызды әлеуметтік және мәдени бастамаларды қолдауға дайын екенін, әрі стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі екендерін мәлімдеді.

Тараптар алдағы кезеңде ортақ жобаның ел игілігіне уақтылы және сапалы түрде пайдалануға берілуіне мүдделі екендерін қуаттады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар