Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, ер адам ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату) айыпталған.
"Сотталушы 2024 жылдың шілде айында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан моншада М., Е. және Ж.-мен кездесіп, "Мұсылман бауырлар" (аль-Ихван аль-Муслимун) террористік ұйымын қолдап, қарулы жиһад жасап, шахид болуға, хижрат жасауға қатысуға шақыруды насихаттаған", - делінген хабарламада.
"Сот, А.-ға ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот үкімінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.