Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қарияны азаптап, бірнеше мәрте пышақ салған". Таразда дүкеннен қайтып келе жатқан зейнеткерді пышақтап кетті

11:15, 13 желтоқсан 2025

Тараз қаласында жасы үлкен ер адам зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға тұрғын үйлердің бірінің подъездінде болған. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 83 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Желі қолданушыларының жазуынша, марқұм дүкеннен қайтып келе жатып күдіктімен кездесіп, оны үйіне шақырған. Подъезде күдікті пышақ шығарып, жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оның 68 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екенін мәлімдеді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар