Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған атыс салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады Alash.kz.
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығының оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.
Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін анықталады», – делінген ресми хабарламада.