Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі табылды

14:10, 29 шілде 2025 1069

Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қаралы хабарды желі қолданушысы Threads парақшасында жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні таңертең Алан есімді жігіт Медеу жақтан Жастар шыңына қарай кеткен. Сол сәттен бастап онымен байланыс үзілген. Із-түзсіз жоғалған жігітті іздеуге құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған.

Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қайғылы нәтижемен аяқталды.

Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар