Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы: әкімдікті басып алды деген күдікке ілінген 11 адам сотталды

16:50, 11 маусым 2024 472

"Президент резиденция мен әкімдікті басып алды" деп айыпталған 11 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Аталған қылмыстарды сот ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызған. Ulysmedia.kz сайтының жазуынша,жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерген.

Бірінің кәмелетке толмаған балаларының болуын, екіншісінің денсаулық жағдайын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын ескерген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" ҚР заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4) - тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар