Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қанша уақыт жатқанын білмеймін…”: Атырау облысында 70 жастағы зейнеткер өлі табылды (ФОТО)

14:55, 22 ақпан 2026

70 жастағы Капиталина Симанькованың денесі Доссор ауылындағы сарайдан табылған. Бұл туралы «Ақ жайық» басылымына жиені Елена Рафикова хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Елена көз жасын тыя алмай: 

- Қанша уақыт жатқанын білмеймін… әрі қарай полицейлер анықтайды, — деді.


Еске сала кетейік, Капиталина 13 қаңтардан бері байланысқа шықпаған. Ол азаматтық күйеуі Владимир Маловпен бірге Доссорда тұрған.

Полиция хабарлауынша, 19 ақпанда Мақат ауданы аумағында 73 жастағы әйелдің хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға ақпарат түсті.

Хабарламаны тексеру мақсатында полиция қызметкерлері дереу зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына барып, үйі мен оған іргелес аумақты қарап шықты. Тексеру барысында тұрғын үйдің гаражынан әйел адамның мәйіті табылды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен әйелдің азаматтық некедегі жұбайы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің айтуынша, дене жарақаттары тұрмыстық жанжал кезінде салынған.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары анықталды. Олардың мәліметінше, зейнеткер бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар