Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтарда ту көтерген қазақ тілге келді

09:16, 11 қаңтар 2023 255

Қанды қаңтарда ту көтерген Әбішев тілге келді!



2022 жылғы қаңтардың 6-сы күні Алматы алаңында Қазақстан туын көтеріп, ауыр жарақат алған белсенді Берік Әбішев екі апта бұрын тіл қатты.



Бір жыл ішінде басына бес рет ота жасалған. Әбішевке әлі де көмек керек. Қазіргі уақытта ол алтыншы операцияны күтіп отыр. Әзірге жақындарын толық есіне түсіре алмаған.



– Ту көтеріп шықтым, бірақ ол есімде жоқ, – деді Берік Әбішев.



Берік әлі де өз қолымен тамақ жей алмайды. Кіші дәретке бару үшінде оған өзгелердің көмегі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?