Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы: экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды

10:15, 31 тамыз 2022 209
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жауапқа тартылды.

«Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды», - деп жазады Zakon.kz.

Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтарында еліміздегі жаппай наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді. Кей қаладағы заңсыз әрекеттер қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа, жаппай қирату мен тонауға ұласқан болатын. Сол уақытта елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

25 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі қызметінен босатылды.

17 тамызда ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке осы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?