Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қамшыбек Ташиев 2027 жылы президент сайлауына түсе ме?

16:51, 16 шілде 2026

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы орынбасары Қамшыбек Ташиев 2027 жылғы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді деп жазады Alash.kz.

Ол қазіргі президент Садыр Жапаровты қолдаймын дейді.

Ташиевтің мәлімдемесін "Регион" телеарнасының бұрынғы бас директоры Откурбек Рахманов жариялады.

Ташиев кейінгі кезде "президенттік науқан жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын" айтып, "президенттікке түспеймін деген ұстанымы күшінде екенін" мәлімдеді.

Ташиевтің соты мен үкімі

2 шілдеде Ташиев "билікті күшпен басып алуға дайындалды, билігін асыра пайдаланды" деп сотталған. Сот оның мүлкін тәркілеп, төрт жылға пробациялық бақылау орнатқан.

Бұл қылмыстық іске "75 ақсақалдың хаты" себеп болған. Ақпанның басында саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, барлығы 75 адам президент Садыр Жапаровқа қайырылып, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді сұраған. Хаттан кейін ертеңінде Ташиев қызметтен алынған. Сол кезде Ташиев Германияда емделіп жатқан еді.
Қырғызстанның қазіргі Конституциясына сай, сотталған адамдар президенттікке кандидат бола алмайды.

Жапаровтың жақын серігі әрі досы болған Ташиев бес жыл бойы елдегі екінші ықпалды адам саналған. Ол ҰҚМК төрағасынан бөлек, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар