Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қалай көрсете алмадық?": Төтенше жағдай министрі су тасқынына дайын ба? (Видео)

19:16, 05 ақпан 2025 97

Әрінов биыл да су тасқынына дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның сөзінше, ТЖМ былтыр да "дайындығын көрсеткен". "Бірақ көрсете алмады ғой" деген журналист пікіріне министр:

"Қалай көрсете алмадық? 120 мың адам, 45 мың бала, ешкімді өлімге алып кеткен жоқ, 80 жыл болмаған топан суға төтеп бердік, қанша жұмыс атқарылды, оны айтуымыз керек" деп жауап қатты.

 

Шыңғыс Әрінов 18 жыл бойы мемлекеттік күзет қызметінде жұмыс істеп, 2024 жылы ақпанда төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған.

Былтыр оның бұл салада тәжірибесі мүлде жоқтығын меңзеген журналистерге "су тасқынына дайынмын" деген еді.

Арада бір жарым ай өткенде жердің тоңы жібімей жатып күрт еріген қалың қар суы мен арнасынан асқан өзен суы елді мекендерді басып, жұрт үйінен, мал-мүлкінен айырылды.

БҰҰ былтыр көктемде Құлсарыда болған апат салдарын азайтуға болар еді деп жазған. Су тасқынынан кейін Құлсарыға жақын маңнан өтетін Жем өзенінің жоғарғы жағында бірде-бір гидропост жоқ екені белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар