Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты тың ақпарат пайда болды

08:55, 14 наурыз 2022 283

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов «Қазақтелекомның» қаражатын жымқыру ісі туралы кейбір мәліметтерді айтты.

Ол тергеу аяқталған соң ұрланған ақшаның сомасын жариялайтынын хабарлады.

«Қылмыстық іс «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеліп жатыр. Біз кеше берген, әзірге бұл бүгін қолда бар барлық ақпарат. Сома анықталып жатыр, бірқатар эпизодтар бар. Менің ойымша, біз тиісті сараптамалық тергеу жүргізгеннен кейін соманы атаймыз. Бірақ мен оның миллиардтаған сома екенін айта аламын» деді Олжас Бектенов мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергейтіні белгілі болды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар