Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сатыбалды шартты түрде босатылуы мүмкін

04:31, 29 қыркүйек 2022 187
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды уақыт өте келе бостандыққа шығу үшін өтініш бере алады.

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев айтты.

Уақыт өте Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.
– Оны шартты түрде босатуға болады. Бұл террористік қылмыстар сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың барлығына қатысты, – деді Бас прокурордың орынбасары Шыңдалиев мәжіліс дәлізінде.

 

Бұл ретте сотта тек екі эпизод – Қазақтелеком мен ЦТС бойынша қаралды. Қазір тергеушілер Назарбаевтың немере інісінің салық заңнамасы және ақша жылыстату саласындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар