Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайраткер Тұрар Рысқұловтың Моңғолия астанасының атауын қайғаны нақтыланды

13:17, 31 қазан 2024 213

Тұрар Рұсқұлов 26 жасында Моңғолия астанасының атауын Ұлан-Батыр деп қойғаныны жайлы дерек айтылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жайлы “Қазақстан” арнасындағы “Ақорда” арнайы жобасында хабарланды.  

Орайы келгенде айта кетейік, 1924 жылы Қытайдан тәуелсіздік алу үшін бірнеше жыл күрескен моңғол революционерлері коммунистік идеалдарға негізделген Моңғол Халық Республикасын құрған. Сол жылғы қарашада кеңес және моңғол саяси қайраткерлері сол кезде "Урга" деп аталған МХР астанасына жиналған. Олардың арасында Тұрар Рысқұлов та болған. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі астананың атын өзгерту болған. 1-ші халықтық хуралдың хаттамаларында көптеген ұсыныс айтылғаны, бірақ көпшілік "Батор-Хото" атауына дауыс бергені айтылады. Содан кейін Тұрар Рысқұлов трибунаға шығып, Ургуды "Ұлан-Батыр-Хото", яғни қызыл батыр қаласы деп атауды ұсынған.

Ол "Батор-Хото" деген атауды Шыңғыс ханға байланыстырған. МХР-де жаулап алу мақсаты болмаған, оның негізінде революциялық даму жолы жатыр. Сондықтан коммунистік бастамаға сүйенген "Ұлан-Батор-Хото" атауы бірауыздан қабылданған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?