Алматылық «Қайрат» клубы мансабын ағылшынның «Челси» клубында жалғастыратын Дастан Сатбаевпен қоштасты, деп хабарлайды Alash.KZ
Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында «Қызылжарға» қарсы матч алдында клуб 17 жастағы шабуылшыға арнайы салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.
«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшыға 58 нөмірі бейнеленген естелік жейдені табыстады. Бұл – Сатбаевтың негізгі құрам сапында өткізген матчтарының саны. Сондай-ақ стадионда оның есімі жазылған баннер ілінді.
Алматылық клуб сапындағы соңғы ойынында шабуылшы дубль жасап, жарқырай көрінді. «Қайрат» Орталық стадионда «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Сатпаев 59 және 87-минуттарда гол соқты, тағы бір голдың авторы — Исмаил Бекболат.
Осы кездесуден кейін футболшы Англияға аттанады. Еске салайық, 2025 жылдың басында лондондық клуб қазақстандық шабуылшының трансферін отандық футбол үшін рекордтық 4,3 миллион еуроға сатып алған болатын.