Жамбыл облысыда полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.
«Алматы-Ташкент» автожолында жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлігімен соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.