Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы оқиға: Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бүлдіршін құлап, мерт болды

15:28, 21 сәуір 2026

Елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тілендиев көшесіндегі тұрғын үй кешенінде бүлдіршін терезеден құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен медицина мамандары зардап шегушінің алған жарақаттары өмірмен үйлеспейтінін анықтады. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады.

Куәгерлердің шақыруымен Тілендиев, 44А мекенжайына жедел жәрдем бригадасы қысқа уақыт ішінде келген. Алайда биіктен құлау салдарынан болған ауыр жарақаттар баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермеді. Дәрігерлер тек өлім дерегін тіркеуге мәжбүр болды.

Полиция департаменті мен тиісті қызметтер қазіргі уақытта оқиғаның қалай және қандай жағдайда болғанын анықтау үстінде. Жазатайым оқиға кезінде ересектердің үйде болған-болмағаны және қауіпсіздік шараларының сақталуы тексеріліп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар