Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Түркістан облысында бір үйдің екі баласы суға ағып кетті

23:06, 03 маусым 2026

Түркістан облысының Келес ауданында Ошақты каналына суға ағып кеткен ағайынды екі жасөспірімнің денесі табылды, деп жазады Alash.kz. 

Құтқару қызметі мен мамандар 8 жасар Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты бір тәулік бойы үздіксіз іздеген. Соққыдан есін жия алмай отырған көпбалалы отбасының айтуынша, оқиға балалардың үйде қараусыз қалған сәтінде орын алған. Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қаралы отбасы жеті бала тәрбиелеп отырған. Оқиға болған күні таңғы сағат бесте анасы жұмысқа кетіп, артынша мүмкіндігі шектеулі әкесі де нәпақа табу үшін үйден шыққан. Балаларға бас-көз болу үйдің үлкен қызына тапсырылған екен. Алайда ол анасына дәрі-дәрмек жеткізіп беру үшін сыртқа шыққан қысқа уақытты пайдаланған ағайынды екі бала жақын маңдағы каналға шомылуға кеткен.

Ауқымды іздестіру шараларының нәтижесінде құтқарушылар балалардың бірінің мәйітін ауылдың маңынан тапса, екіншісінің денесін су ағысымен бір шақырымдай қашықтықтан алып шықты. Таң атпай нәпақа іздеп кетіп, қос бірдей перзентінен айырылып қалған ана бұл қасіретке әлі де сене алар емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар