Түркістан облысында құқық бұзушыны қуу кезінде жол-патрульдік полиция инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
“Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Сәденов ІІМ марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсететінін атап өтті.