Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Бардан өрт шығып 27 адам қаза тапты (ВИДЕО)

08:34, 13 шілде 2026

Бангкоктегі барда шыққан өрттен 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ ұлттық порталы. 

Таиланд астанасы Бангкок қаласындағы барлардың бірінде болған өрт салдарынан 27 адам көз жұмды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандардың басым бөлігі түтінге тұншығып, улы газдан уланып қалған.

Оқиға салдарынан тағы 60-тан астам адам жарақат алды. Зардап шеккендердің шамамен 20-сының жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бұл туралы Thai Rath TV телеарнасы мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілгені айтылған бейнежазбалар тарап жатыр.

 Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар