Елорданың Сарайшық көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде кішкентай бала терезеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға Сарайшық көшесіндегі 7/1 мекенжайында болған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті растады. Ресми мәліметке сәйкес, төрт жастағы бүлдіршін екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Наразылық пен үрей тудырған апат салдарынан бала алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тапсырды.
Тәртіп сақшылары аталған оқиғаға байланысты арнайы терзеу амалдарын бастады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі:
«Баланың терезеден құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, дәл осыған ұқсас елорданы дүр сілкіндірген тағы бір қайғылы жағдай бұдан екі күн бұрын ғана тіркелген болатын. Ол кезде де төрт жасар кішкентай қыз бала жетінші қабаттың терезесіндегі москит торына сүйеніп, соның салдарынан төменге құлап, ажал құшқан еді.