Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

11:24, 17 қараша 2024 963

Ақмола облысының Сабынды ауылында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Құтқарушылар үйінді астынан 46 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел адамның және 12 жастағы баланың денесін тапты. Тағы 16 адам жарақат алып, Астана қаласының ауруханасына жеткізілді.

“Құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 30 құтқарушы мен бес техника, жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығының мамандары, психологтар мен кинологтар жұмыс істеуде”, – деп хабарлады ТЖД.

Жарылысқа газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. ТЖД мәліметінше, бұрынғы мешіт ғимаратында ас беру рәсімі өтіп жатқан. Құтқарушылар оқиға орнынан алты газ баллонын шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар