Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден озды

10:39, 16 қаңтар 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш мүфтиi Рәтбек қажы Нысанбайұлы 85 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Рәтбек қажы Нысанбайұлының басқаруымен өткен тарихи кезеңде халықтың діни білімін жетілдіру басты басымдық болған еді. Ол өз қызметі барысында еліміздің рухани дамуына зор үлес қосып, мұсылман әлемімен тығыз дипломатиялық байланыс орната білді. Рәтбек қажының бастамасымен республика бойынша 30-дан астам жаңа мешіт бой көтерген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері ұстаздың еңбегі туралы былай деп еске алады:

«Халықтың діни сауат ашуына ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі «алғашқы сауат ашу кезеңі» деп аталды. Өйткені осы кезеңде халықтың діни сауатын ашу маңызды істің бірі болды. Ұстазымыз бойында бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар