Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауладағы дәретхана мен септиктер ашылып, мұқият қаралды ма?" - Атыраудағы жоғалған отбасыға қатысты тың дерек

17:00, 15 қаңтар 2026

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының тағдыры ел жұртшылығын алаңдатып отыр. Оқиғаға біраз уақыт өтсе де, төрт адамның қайда екені әлі анықталмаған, деп жазады Alash.KZ.

Аймақтағы жағдайды жіті бақылап, қоғамды тұрақты түрде ақпараттандырып жүрген журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі парақшасында іздестіру жұмыстарына қатысты маңызды мәліметпен бөлісті.

Журналистің жазуынша, Жангелдин ауылынан қайтып келе жатып, ол жауапты мекемелермен байланысып, тұрғын үй аумағындағы дәретханалар мен септиктердің толық тексерілген-тексерілмегенін нақтылап қайта сұраған.

«Құзырлы органдарға хабарласып, ауладағы дәретхана мен септиктер ашылып, мұқият қаралды ма деп сұрадым. Маған “барлығы тексерілді” деген жауап берілді», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар