Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нұрайдың оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр" - Қызылордалық бойжеткен өміріне төнген қауіпті айтып, дабыл қақты

15:03, 15 қаңтар 2026

Әлеуметтік желіде Жазира Қуанышбай есімді бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы айтылған жазбасы тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жазираның айтуынша, жарты жыл бойы оны ер адам үйінің, жұмысының алдында күтіп, мазалайтын көрінеді. Бойжеткен еш алаңсыз үйіме қайтып, қорықпай емін-еркін жүргім келеді дейді. 

Қауіпсіздік шаралары үшін Е-өтініш бойынша 2 рет арыз жазған. Ал, полиция қызметкерлері ешқандай қылмыстық іс орын алмағандықтан, бұл іске салғырт қарап отырған көрінеді.

Жазираның айтуынша, бұл істен туған туыс, достары мен әріптестерінің, жергілікті полицияның да хабары бар екен.

"Әрекет жасалып жатыр. Ең өкініштісі, полиция қызметкерлері "Жігіт болғасын ұнатып жүр ғой, сөйлесіп көрмедің бе?" депті.

Жазира Нұрай Серікбайдың оқиғасынан кейін қатты қорқып, бұл іске бей-жәй қарамауды өтініп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар