Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында:
"Үш жыл бойы ой елегінен өткіздім, әріптестермен талқыладым, барлық тәуекел мен мүмкіндікті сараладым. Нәтижесінде нақты тоқтамға келдім" деп жазба жариялады, деп мәлімдейді Alash.KZ.
"Биылдан бастап өз YouTube-арнамды қолға алып, қалың көрерменге тиісті контент ұсынбақпын" дейді мәжіліс депутаты.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл арнаның негізгі мақсаты – заңдарды азаматтарға түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізу. Яғни жаңа заң жобалары не үшін қажет, олар адамдарға қандай пайда береді, қабылданған нормалар іс жүзінде қалай жұмыс істейді – осының бәрі арнада ашық айтылатын көрінеді.
Аймағамбетов жеке YouTube-арнасында тек заң шығару туралы ақпаратпен шектелмейтінін жазған:
1. Қабылданған заңдардың орындалу барысы;
2. Партиялық бағдарламалар аясындағы жұмыс;
3. Өз тәжірибем негізінде салалық сараптамалар да қамтылады.
Мәжілісмен тақырыптарды жан-жақты талқылау үшін сарапшылар мен арнайы қонақтарды шақыруды да жоспарлаған. Депутаттың YouTube-арнасында қазірдің өзінде бірқатар архивтік материалдар бар. Алдағы уақытта жаңа контент тұрақты түрде көрерменге жол тартады екен.
Сонымен, Аймағамбетовтың YouTube-арнасында қандай контенттер бар?
https://youtube.com/@aaimagambetov