Мемлекет басшысы Сергей Пономаревті қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревпен кездесті.
🔹 Кездесуде Қауымдастықтың ел бірлігін нығайту, жалпыұлттық бірегейлікті арттыру және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бағытындағы жұмысы сөз болды.
🔹 Мемлекеттік тілді ұлтты біріктіретін фактор ретінде насихаттаудағы славян ұйымдарының рөлі атап өтілді.
🔹 Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі “Бірлігіміз – әралуандықта” тұжырымдамасы аясындағы биылғы жоспар таныстырылды.
Президент этносаралық келісім мен бірліктің мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, әділдік пен тең мүмкіндік – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамындағы ұйымдар барлық этнос өкілдері арасында қазақстандық патриотизмді және ортақ құндылықтарды насихаттауды жалғастырады.
