Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Автобус аударылып, 4 адам қаза тапты»: Шұғыл! Маңғыстау облысында ауыр жол апаты тіркелді

09:35, 16 қаңтар 2026

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

16 қаңтарға қараған түні сағат 01:03 шамасында «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» бағытындағы KZ-11 тасжолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ақтаудан Бейнеу бағытына қарай бара жатқан. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, соның салдарынан көлік құралы аударылып кеткен. Автобус ішінде 50 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар