Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ақылды адам»: Лукашенко Тоқаевтың тіл меңгеру қабілеті туралы мақтау айтты (ВИДЕО)

11:06, 16 қаңтар 2026

Беларусь Президенті Александр Лукашенко қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби біліктілігі мен тіл меңгеру қабілетін жоғары бағалады, деп хабарлайды Alash.kz.

«Пул первого» Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Лукашенко «Великий камень» индустриялық паркінің жаңа басшысы Татьяна Харлаппен кездесу барысында Қазақстан Президентін үлгі ретінде атап өткен.

Беларусь басшысы қытай тілін үйренудің қиындығынан қорықпау керектігін айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл тілді еркін меңгергенін алға тартты. Ол өз сөзінде Қазақстан Президентінің дипломатиялық тәжірибесі мен зияткерлік деңгейіне ерекше тоқталды.

Александр Лукашенко кездесу барысында былай деді:

«Қытай тілін үйрену үшін, ең бастысы, қорықпау керек. Себебі біз иероглифтерді салу үшін міндетті түрде суретші болу керек деп ойлап қорқамыз. Бастысы - именбеу. Кез келген істі үйренуге болады. Қазақстан Президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген, ол қытай тілін жетік біледі. Қазақстан Президенті - парасатты, ақылды адам. Мен солай ойлаймын. Үйренді ғой. Демек, үйренуге болады».

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өз мансабында ұзақ жылдар бойы дипломатиялық қызметте болып, Қытай Халық Республикасында жұмыс істеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар