Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Астанадағы Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды

15:57, 30 қазан 2026

Астана қаласындағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылып, аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс козғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел тексеру шараларының нәтижесінде марқұмның жеке басы толық анықталды. Ол елорданың 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми сауалға жауап берді:

Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын, себебі мен салдарын анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдарын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар