Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Ақтөбеде екі күн бұрын жоғалып кеткен оқушы өлі табылды

13:50, 02 желтоқсан 2025 210

Ақтөбеде екі күн бұрын жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы мен 27 жастағы қала тұрғыны өлі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ақтөбеде оқушы 30 қараша күні сағат шамамен 12:30–да үйінен шығып, моншада жұмыс істейтін досына көмектесуге барып, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер мен полиция қызметкерлері жұмылдырған.

Ақтөбе облыстық ТЖД хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарының кезінде 2009 жылы туған жасөспірім мен 1998 жылғы ер адам өлі табылды.

— "1 желтоқсанда іздеу шаралары барысында ТЖД-ның водолаздар бөлімшесі жоғалған жасөспірімнің денесін тауып, судан шығарып алды. Материалдар қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді. Бүгін ТЖД құтқарушылары дрон көмегімен 1998 жылғы екінші адамның денесін жағадан 30 метр қашықтықтан тапты.

Іздестіру барысында өзен жағасынан із-түзсіз жоғалғандардың ұялы телефондары табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі адамның денесін жағаға шығарды. Олардан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, — деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар