АҚШ президенті Трамп өзінің ұнамсыз суретінің Капитолий ғимаратында ілініп тұрғанына ашуланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісі Асхат Қасенғали жариялады.
«Ешкімге де өзінің нашар суреті, фотосы ұнамасы анық. Алайда Колорадо штатының губернаторы президенттердің суреті ілініп тұратын Капитолий ғимаратына менің ең нашар портретімді іліп қойыпты. Ол портретті салған суретші Обаманың да суретін салған болатын, оның суретін керемет салған еді. Ал менің суретім өте нашар шыққан. Уақыт өте келе ол суретші жасына байланысты қабілетін жоғалтып алса керек. Дегенмен ол жерде мұндай суретім болғанша, ешқандай суретім болмағаны жақсы. Колорадодан адамдар хабарласып, жазып, шағым айтып жатыр. Олар бұл суретке ашулы. Мен қылмыспен еш күресе алмайтын губернатор Джаред Полиске бұл суретті алып тастауды ұсынамын».,деп жазған ол.